Get Mystery Box with random crypto!

КОМПЬЮТЕРІҢІЗ БОЛМАСА, СМАРТФОНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАҢЫЗ ⠀ Біздің қол | KZ Telegram Каналдар

КОМПЬЮТЕРІҢІЗ БОЛМАСА,
СМАРТФОНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАҢЫЗ

Біздің қолымызда смартфон мен интернет болып, бірақ ноутбук болмаса да, Документ, Таблица, Презентациямен жұмыс жасау қажеттігі туындайтын сәттер болады. Мәселенің шешімі бар.

Ол үшін Android бағдарламасы бойынша Play Market-тен немесе Iphone бағдарламасы бойынша App Store-ден Документ, Таблица, Презентация мобильді қосымшаларын орнатып, материалдарды смартфонмен қарап, өзгерте аласыз және басқа адамға жіберіп, ортақ пайдалануға (общий доступ) шексіз қолданушыға бере аласыз.

Мобильді қосымшаларды орнатқан соң, барлық материалдар сіздің қолданатын Google аккаунттың Google Диск бұлтты деректер қоймасында (облачное хранилище данных) сақталады.

Материалдарды компьютермен қарап, өзгерту үшін интернет-браузермен Google аккаунттың Google Дискісіне кіресіз. Компьютер мен смартфондағы соңғы өзгертулер синхронды түрде сақталып отырады.

Бағдарламаның қажеттісін жүктеңіз.
Android (Play Market)
Iphone (App Store)