Get Mystery Box with random crypto!

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері 1 қыркү | KzPulse

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік өкілдері 1 қыркүйек күні Ресейдің бақылауындағы Запорожье атом электр станциясына барды. Бұған дейін зауыт орналасқан аудандағы тұрақсыз жағдайларға байланысты сапар бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын.

Украина БҰҰ ядролық инспекторларының сапары алдында Ресейді Запорожье атом электр станциясы орналасқан аумақты атқылады деп айыптады. Ресей Қорғаныс министрлігі Украина тарапы таққан айыпты жоққа шығарып, украиындық әскерилердің атом электр станциясына шабуыл жасағанын мәлімдеді.

#kzpulse #украина #ресей