Get Mystery Box with random crypto!

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Faceb | KzPulse

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook парақшасында «Ұлттық қор - балаларға» атты бағдарламасына тоқталып өтті:

бағдарлама бойынша 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% балалар кәмелет жасқа толған уақытқа дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылып отырады;
жинақталған қаржы балалар кәмелет жасқа толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады; 
Үкімет пен Ұлттық банктің есептеуіне сәйкес елімізде жыл сайын 400 мың сәби туылады. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі дегенде $3000 қаражат жинақталады.

Сонымен қатар баспасөз хатшысы пікірлер бөлімінде қосымша сауалдарға жауап берді:

"Бұл норма күшіне енген кезде (2024 жылы) 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады. Олар кәмелеттік жасқа толғанша қаржы түсіп тұрады. Шоттардағы қаражат шетел валютасында болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді".

#kzpulse #балалар #ұлттыққор