Get Mystery Box with random crypto!

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq жүйесі мен қашықта | Жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq жүйесі мен қашықтан жұмыс істеу шаралары қандай жағдайда енгізілетінін түсіндірді.

Министрдің сөзінше, «қызыл» аймаққа өткен қалалар мен облыстарда шектеу шаралы екі кезең бойынша енгізіледі.

Бірінші кезең – 100 мың адамға шаққанда ауруханаға түскендер саны 25-тен 50-ге дейін көтерілгенде. Бұл кезде бизнеске шектеу қойылмайды, ал жабық мекемелер мен қоғамдық көлікте маска тағу міндеттеледі.

Екінші кезеңде 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға түскендер саны 50-ден асса, Ashyq жүйесін қолдану және ұйымдағы қызметкерлердің 30%-ын қашықтан жұмыс істеуге жіберу міндеттеледі. Мейрамхана және т.б. жиын өткізген кезде сыйымдылығы 50%-дан аспауы керек, ал білім беру мекемелерінде қосымша шектеулер енгізіледі.