Get Mystery Box with random crypto!

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды мен экс-құдасы Қ | Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды мен экс-құдасы Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты жаңа деректер пайда болды.

Қайрат Сатыбалды күдікті деп танылған «Қазақтелеком» және «Транспорттық қызмет көрсету» компанияларынан ақша жымқыру ісі бойынша 36 миллиард теңге қайтарылды.

Ал Боранбаевқа қатысты істі тергеу кезінде «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға 11,3 миллиард теңге қайтарылған.

Сонымен қатар күдіктілер Люксембургтен 170 миллион доллардан аса қаржыны өз еріктерімен қайтарып берген. Қазір олардың қылмыстық активтерін табу және тәркілеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қайрат және әйелі Гүлмира Сатыбалды, Боранбаев пен «Оператор РОП» басшылығына қатысты істер бойынша барлығы 230 миллиард теңге шығын өтелген.