Get Mystery Box with random crypto!

Елімізде жаңа пәтерлердің бағасы 19,5%-ға өскен. 2021 жылғы | Жаңалықтар

Елімізде жаңа пәтерлердің бағасы 19,5%-ға өскен.

2021 жылғы маусым мен 2022 жылғы маусым аралығында жаңа пәтерлер – 19,5%-ға, қолданыстағы пәтерлердің бағасы – 26,8%-ға өсті.

Өңірлер бойынша жаңадан салынған тұрғын үй бағасы Нұр-Сұлтанда 27,9%-ға жоғарылаған.

Ұлттық статистикалар бюросының деректеріне сәйкес, қолданыстағы пәтерлер нарығында бағаның ең жоғары өсімі Қызылорда қаласында (46,7%), ал жалға алу құны Алматы қаласында (48,3%) қымбат.

Соңғы бір айда жаңа тұрғын үй бағасы – 1,1%, ал қайта сату – 0,4% өсті.