Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев қазақста | Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев қазақстандық түлектер арасында ең көп сұранысқа ие мамандықтарды атады.

Оның айтуынша, техникалық мамандықтар арасында ең танымалы – ІТ бағыты. Екінші орында – тіс дәрігері мамандығы. Ал үшінші орында педагогикалық мамандықтар тұр.

«Бейінді пәндердің қорытындысы бойынша талапкерлердің 27%-і техникалық мамандықтарға түсу үшін физика-математика комбинациясын тапсырған. Техникалық мамандықтар арасында ең беделдісі – ІТ. Екінші орында 18%-і – химия-биология. Бұл жерде стоматология ең көп сұранысқа ие. Үшінші орында – педагогикалық мамандықтар», - деді Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

ЖАҢАЛЫҚТАР