Get Mystery Box with random crypto!

Қарақалпақcтан автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі Өзб | Жаңалықтар

Қарақалпақcтан автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанның Нүкіс қаласындағы наразылық акциясынан кейін мыңдаған адамның ауруханаға түскенін мәлімдеді.

Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында Өзбекстан конституциясына енгізілген өзгертулерге қарсы наразылық шеруінен кейін мыңдаған адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы автономия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Сұлтанбек Зияев Daryo.uz басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

"Мыңдаған жаралы ауруханаға жатқызылды, олар емделіп жатыр. Оларға медициналық көмек көрсетілуде", – деді ол. Алайда ол зардап шеккендердің нақты санын айтаған.

Сөзінше, Нүкіс қаласындағы ауруханалар науқастарға толып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР