Get Mystery Box with random crypto!

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға ескерту жасады. | Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар департаменті алматылықтарға ескерту жасады. Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарына 27 маусымда аптап ыстық болғандықтан, серуенге шықпауға шақырды.

«Жүрек-қан тамырлары ауруларынан, гипертониядан зардап шегетіндерге, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін бұндай ауа райы қауіпті. Артериялық гипертониямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отыруы керек. Аптап ыстық бұндай жағдайдағы адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізеді»,- деді ТЖД баспасөз қызметі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында ауа-райы қалай болып жатыр екен?!

Жалпы сіздің өңірде қанша градус көрсетіп тұр ауа температурасы?