Get Mystery Box with random crypto!

Неке қиярда сіз мәһірға не сұраған едіңіз? Мәһір – әйел за | Жаңалықтар

Неке қиярда сіз мәһірға не сұраған едіңіз?

Мәһір – әйел затының неке қияр алдында күйеуінен талап етуге құқылы шариғат белгілеген ақысы.
Мәһірдің ең аз мөлшері - 10 дирхам. Немесе құны 4.25 грамм алтыннан жоғары болу керек. Ол ақшалай немесе заттай берілуі мүмкін.

Алайда мәһірдің мөлшерін ер азаматтың материалдық деңгейіне қарап, отбасының әлеуметтік жағдайын ескерген жөн. Өйткені мәһір күйеуді қарызға батыратындай көп немесе қыздың көңілін ренжітетіндей кем болмауы керек. Мәһірді бірден беруге шамасы жетпесе, оның бір бөлігін алдын ала беріп, қалғанын кейін бере алады. Бірақ, қалай болғанда да, мәһір құны 4.25 грамм алтын құнынан кем болмауы керек.