Get Mystery Box with random crypto!

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік рақымшылы | Жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік рақымшылық мәселелері бойынша тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Әлеуметтік желілерде (TikTok, Instagram, Facebook) және мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram) «кредиттік рақымшылық» жасалды және  халықтың қарыздары есептен шығарылды» деген дәйексіз ақпарат белсенді түрде тарап жатыр.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығын орындау үшін қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысына қатысты үш жыл бұрынғы ақпарат бар бейнеролик таратылған», - деп мәлімдеме жасады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатты және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ. Бұл бастама бір реттік бастама болды.

Агенттік азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан жалған мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден басшылыққа алуды сұрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР