Get Mystery Box with random crypto!

Маңғыстау облысында жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шек | Жаңалықтар

Маңғыстау облысында жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті, деп хабарлайды "Лада".

"25 мамырда Сайөтес ауылының тас жолында жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әділ.

Апат салдарынан жеті адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың екеуі ауыр халде.
 "Апаттың екі қатысушысы ауыр халде санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді. Бес баланың жағдайы орташа. Олар Маңғыстау аудандық ауруханасында жатыр", - деді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.

ЖАҢАЛЫҚТАР