Get Mystery Box with random crypto!

Кеше ерлігімен елді таңғалдырған Сәбит Шонтақбаевқа бас қалада | Жаңалықтар

Кеше ерлігімен елді таңғалдырған Сәбит Шонтақбаевқа бас қаладан үш бөлмелі үйдің кілті табысталды. G park құрылыс компаниясы жасаған сыйды әріптестері - GBG құрылыс компаниясы жалғастырып, кеше Сәбиттің аяғын мықтап ұстап, сақтандырып тұрған досы Сағиға 2 бөлмелі үй берді.

Одан бөлек, қазақстандықтар Dauletten қайырымдылық қорына ақша жинап бастап кеткен еді. Ол қаражат енді үйдің жөндеу жұмысына берілмек. Елорда әкімі бала-шағасын көшіріп әкелген соң мектеп, балабақшаға орналастыруға, әйелі екеуіне жұмыс табуға көмектесуге уәде беріп, теледидар сыйлаған еді. BI Group 1 млн теңгенің сертификатын табыстады. Азаматтың кредиті жабылып, сол үшін жиналған ақшадан артылғаны Сағидың есепшотына аударылды. Жаңалық легі осындай. Керемет емес пе?

ЖАҢАЛЫҚТАР