Get Mystery Box with random crypto!

Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген күдікпен қамауға | Жаңалықтар

Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

«Мой город» порталының жазуынша, қыздың 19 жастағы досы да күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі 16 жастағы оқушы қыз бен оның 19 жастағы досының уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

«Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ПД хабарламасында.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын алға тартып, басқа ақпарат берген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР