Get Mystery Box with random crypto!

Түркістан облысында бір ер адам 15 жыл отасқан әйелін өлтіріп | Жаңалықтар

Түркістан облысында бір ер адам 15 жыл отасқан әйелін өлтіріп тастаған. Бұл туралы облыстық ПД хабарлады.

Марқұмның жасы 37-де болған. Туыстарының айтуынша, күйеуі оны үнемі соққыға жығып, сабайтын болған. Дегенмен балалары үшін шыдап жүрген екен. 43 жастағы күйеуі болса ішімдік пен есірткіге салынған.

Қылмыс болған күні үйдің үлкен қызы полицияға 4 рет хабарласқан. Әйтсе де, көмек 40 минуттан кейін ғана келген. Ал ол уақытта әйел қайтыс болып кеткен. Анасыз қалған екі ұл мен екі қыз қазір психологиялық көмекке мұқтаж. Күдікті кінәсін мойындаған. Өкінетінін де айтыпты.

ЖАҢАЛЫҚТАР