Get Mystery Box with random crypto!

Әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлті | Жаңалықтар

Әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады.

Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты ақпарат берді. «Біз, «Лесхоз» аулының, «Надежда», «Эдельвейс» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз.

Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қауіпті аймақта (қоқыс тастайтын аймақ) тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз», – деп жазды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарл ады. Тиісті сот сараптамасы тағайындалып, мән-жайды толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат әзірше таратылмайтыны айтылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР