Get Mystery Box with random crypto!

— Михаил Сергеевич, қазақтар сіздерді 1986 Жылғы Желтоқсан оқи | KzNews

— Михаил Сергеевич, қазақтар сіздерді 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде әскер енгізгені және қазақ жастарының демократиялық ерік-жігерін аяусыз басқаны үшін айыптайтынын білесіздер ме?
— Жас жігіт, — деді Горбачев, — мен ол уақытта Мәскеуде болдым. Қазақстанның орталық алаңындағы жағдай туралы маған Сіздің республикаңыздың басшылығы баяндап берді.
— Нұрсұлтан Әбішұлы сізге Қазақстан астанасында орын алып жатқан  жағдай туралы айтты ма?
— Иә, соның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы да баяндама жасады. Баяндамалардың хабары келесідей болды: «біз жағдайды бақылаудан шығарып алдық, сіздерден әскер енгізуді сұраймыз!» Өтініш қабылданды. Нәтижесінде әскерлер жіберіліп, қорқынышты трагедия орын алды…