Get Mystery Box with random crypto!

Мен университeттің психиатрия факультетінде оқығанымда бір мұғ | Қазақша кітаптар

Мен университeттің психиатрия факультетінде оқығанымда бір мұғаліміміз айтып еді: «ата-ананың айтқаны әрқашан дұрыс бола бермейді, бірақ сендерде қалай өмір сүру керегін таңдау бар және бұл таңдау сендердің ата-аналарыңның арқасында болған». Біздің ата-аналардың өмірі қиын болды. Өзімнің балалық шағымды есіме жақсы сақтағам. Шешем мен әжемнің су қайнатып, кірді қолмен жуғанын ұмытқам жоқ. Ата-анамның алты айлап айлық алмай жұмыс істегені есімде. Қыс кезінде жейтін тамақ болмай картоп пен өзіміз бақшада консервіленген көкөніс жеп шыққанымыз есімде. Менің мектеп ішіне киетін аяқ киімімді ұрлап кетіп, оны жаңадан алатын ақша болмай шешемнің жылағанын ұмытқаным жоқ.

Ата-анамыздың біздің оқуға уақытымыз болу үшін, өміріміз олардікіндей болмауы үшін көп күш жұмсағанын білем.  Иә, олар дұрыс емес өмір кешті. Біздің пікірімізше солай. Дегенмен біздің дұрыс санайтындарымыз, санаторийде демалуымыз, мұражайға баруымыз, саяхаттауымыз, өз-өзін жетілдіруіміз бен кітап оқуымыз олар еккен картоптан гүлдеп шыққан. Осы егіс алқабында жүріп, өзі сияқты құрбыларымен бірге бақытты бола алды. Біздің мақсатымыз өзіміздің бақшамызды суарып, басқалар жасаған нәрсеге құрметпен қарау. Әуелі құрметтеу, артынан алғыс айту. Сосын барып өсу басталады...

https://t.me/kzkitap