Get Mystery Box with random crypto!

Акишева Асия Қоянбайқызы - Бабадан қалған асыл сөз Ұлтымыздың | Қазақша кітаптар

Акишева Асия Қоянбайқызы - Бабадан қалған асыл сөз

Ұлтымыздың бірегей де ұлы тұлғаларының даналық ойлары, қанатты сөздері — елдігіміздің, бірлігіміздің, рухани болмысымыздың ерекше бір көрінісі, теңеусіз бай қазынасы. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы Даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен əскери қолбасшылардың, данышпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой-толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге-өсиеттері, қанатты сөздері, сондай-ақ Отан туралы, тіл туралы жыр-толғаулары мен өлең, дастандарынан алынған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған.