Get Mystery Box with random crypto!

Жақып Мамадияр - Жүрген жолда қалған із Қазақ баспасөзінің ар | Қазақша кітаптар

Жақып Мамадияр - Жүрген жолда қалған із

Қазақ баспасөзінің ардагері сапында жүрген Мамадияр Жақыптың бұл кітабының «Жүрген жолда қалған із» деп аталуында мән бар. Осы жинақтан Қазақстан журналистер одағы сыйлығының бес мәрте иегерінің, Қазақстан құрметті журналисінің жарты ғасырдан аса уақытты қамтитын шығармашылық жолының да, азаматтық жолының да сипатын аңғарғандай боласың. Ол өз елімізді көлікпен де, жаяулап та көп араласа, біраз шет елдерге де сапар шеккен. Сол сапарлардан тұшымды із қалдырған журналист. Бүгінгі 75-тен асқан ғұмырында өмірдің тұщысын да, ащысын да татқан азамат. Ақпарат құралдарына басшылық қызметтерде болды, кешегі Колбиннің сұрқия заманында Желтоқсан оқиғасына қатысы үшін жазаға ұшырап, қудалауға да түсті. Өзінің осынау шытырманы көптеу өмірінде талайлармен кезіккен, талай оқиғаға куә болған. Сол жайлар қаламгердің осы жинаққа кірген дүниелеріне алтын арқау қызметін атқарады. Заманның әр кезеңінде жазылған дүниелеріне автор кітапқа кіргізер кезде түзетулер енгізуді жөн көрмеген.