Get Mystery Box with random crypto!

UKIMET

Telegram арнасының логотипі kzgovernment — UKIMET U
Telegram арнасының логотипі kzgovernment — UKIMET
Арна мекенжайы: @kzgovernment
Санаттар: Саясат
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 9.23K
Арнадан сипаттама

ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы/ Официальный Telegram-канал Правительства РК
🌐 Сайт https://primeminister.kz/kz
🔗 Instagram https://instagram.com/primeministerkz
🔗 Facebook https://www.facebook.com/Primeminister.Kaz

Ratings & Reviews

2.50

2 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

1


Соңғы хабарлар 6

2022-07-26 16:34:00 ​​ Сейсенбі, 26 шілдеде, Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі
Ираклий Гарибашвили келді.
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды.

Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды.

Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.



Во вторник, 26 июля, в Казахстан с официальным визитом прибыл Премьер-Министр Грузии Ираклий Гарибашвили. В аэропорту Нур-Султана высокого гостя встретил заместитель Премьер-Министра – министр торговли и интеграции РК Бахыт Султанов.

В рамках двухдневного визита у главы Правительства Грузии запланированы переговоры с руководством Казахстана, в ходе которых стороны обсудят вопросы углубления двустороннего торгово-экономического сотрудничества.

Планируется, что грузинский премьер-министр также ознакомится с работой международного финансового центра «Астана».

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
960 views13:34
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 16:21:50
ҚР Премьер-Министрі
Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма темір жол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.



Премьер-Министр РК
Алихан Смаилов провел совещание по вопросам развития Транскаспийского международного транспортного маршрута.

В ходе него обсуждены вопросы реализации на маршруте крупных инфраструктурных проектов, включая строительство вторых ж/д путей на участке «Достык-Мойынты», контейнерного хаба в порту Актау, обводной ж/д линии станции Алматы, а также взаимодействия с другими участниками ТМТМ для синхронного устранения «узких» мест и повышения конкурентоспособности маршрута.

#Үкімет
826 views13:21
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 16:14:29 ​​ Премьер-Министр РК
Алихан Смаилов провел встречу с руководством компании Honeywell – президентом по глобальным регионам с высокими темпами роста Беном Дриггсом и президентом по регионам быстрого роста в Турции, Израиле и Центральной Азии Уйгаром Доюраном.

Стороны обсудили вопросы декарбонизации экономики, внедрения современных зеленых технологий в промышленности, а также планы Honeywell по запуску новых проектов в нашей стране.
В своем выступлении
Алихан Смаилов отметил, что Казахстан остается наиболее привлекательным местом для инвестиций в Центральной Азии, чему способствуют реализуемые Правительством меры по улучшению инвестиционного климата и правовой защите иностранного капитала.

«Мы продолжим выполнять свои обязательства перед зарубежными партнерами и готовы создавать все необходимые условия для дальнейшего сотрудничества», — сказал Премьер-Министр РК.

Со своей стороны Бен Дриггс сообщил, что в настоящее время Honeywell рассматривает возможность реализации в Казахстане проектов, связанных с технологиями улавливания углеводородов и переработки пластика, а также производством зеленого реактивного и дизельного топлива.

«Мы приветствуем ваши планы по запуску новых инвестиционных проектов на территории нашей страны. В этой связи хотел бы подчеркнуть, что Правительство намерено наращивать сотрудничество по озвученным направлениям и оказывать необходимую поддержку», — заключил Алихан Смаилов.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
797 views13:14
Ашу / Түсініктеме
2022-07-26 16:13:32 ​​ ҚР Премьер-Министрі
Әлихан Смайылов Honeywell компаниясының басшылығымен – өсу қарқыны жоғары жаһандық өңірлер бойынша президент Бен Дриггспен және Түркия, Израиль және Орталық Азиядағы қарқынды өсу өңірлері бойынша президент Уйгар Доюранмен кездесу өткізді.


Тараптар экономиканы декарбонизациялау, өнеркәсіпке заманауи жасыл технологияларды енгізу мәселелерін, сондай-ақ Honeywell-дің елімізде жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі жоспарларын талқылады.

Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстанның Орталық Азиядағы инвестициялар үшін ең тартымды ел болып қала беретінін, оған Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту және шетелдік капиталды құқықтық қорғау бойынша іске асырып жатқан шаралары ықпал ететінін атап өтті.

«Біз шетелдік серіктестер алдындағы өз міндеттемелерімізді орындауды жалғастырамыз және одан әрі ынтымақтастық үшін барлық қажетті жағдайды жасауға дайынбыз», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Өз кезегінде Бен Дриггс қазіргі уақытта Honeywell компаниясының Қазақстанда көмірсутектерді тұту және пластикті қайта өңдеу технологияларымен, сондай-ақ жасыл реактивті және дизель отынын өндірумен байланысты жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

«Сіздердің еліміздің аумағында жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жөніндегі жоспарларыңызды құптаймыз. Осыған байланысты Үкімет аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты арттыруға және қажетті қолдау көрсетуге ниетті екенін атап өткім келеді», — деп түйіндеді Әлихан Смайылов.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
917 viewsedited  13:13
Ашу / Түсініктеме
2022-07-25 19:03:36
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қатысуымен демалыс орындарының жағдайларын талапқа сай қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

ТОЛЫҒЫРАҚ


Заместитель Премьер-Министра РК Ералы Тугжанов провел совещание с участием центральных и местных исполнительных органов по вопросам улучшения условий для качественного развития туризма. В частности, участниками был обсужден вопрос обеспечения надлежащего состояния мест отдыха.

ПОДРОБНЕЕ

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
674 views16:03
Ашу / Түсініктеме
2022-07-22 12:57:02
1.1K views09:57
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:32:18 ​​ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2022 жылғы 27 мамырдағы Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар өңірді селекцияның заманауи әдістеріне көшіру, мал союды…
462 views12:32
Ашу / Түсініктеме
2022-07-20 15:31:03 ​​ҚР Премьер-Министрі
Әлихан Смайылов 2022 жылғы 27 мамырдағы Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңеске қатысушылар өңірді селекцияның заманауи әдістеріне көшіру, мал союды жүзеге асыратын кәсіпорындарға қойылатын санитарлық талаптарды қатайту және ет өңдейтін кәсіпорындарға шикізат жеткізуді ынталандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты талқылады.

Одан бөлек, өңірдің ауыл шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын есепке алу бойынша бірыңғай цифрлық платформа құру, облысты қажетті көлемде мазутпен қамтамасыз ету және Көкшетау қаласында ЖЭО салу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар Көкшетауда кәріз-тазарту ғимараттарын реконструкциялау және су тазарту құрылыстарын салу бойынша жобалар, ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды дамыту жобаларын қаржыландыру, нормативтік жай-күйдегі жолдардың үлесін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасы компоненттері өндірісін локализациялау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ кеңеске қатысушылар АӨК үшін білікті кадрларды даярлаудың қосымша шараларын, облыстағы мектептер құрылысын қаржыландыру нұсқаларын, сонымен қатар сауда қызметін реттеу және полимерлік қаптама өндіретін отандық тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін қарастырды.

Кеңесті қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Ақмола облысы және басқа да өңірлерге жұмыс сапарлары кезінде берілген тапсырмалардың орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

«Тапсырмаларда өңірлер мен тұрғындардың нақты мәселелері көрсетілген. Оларды шешу керек. Сондықтан барлық көтерілген мәселелерді шешуді аяғына дейін жеткізу керектігіне тағы да назар аударғым келеді», — деді
Әлихан Смайылов.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
464 views12:31
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:45:00 ​​Заместитель Премьер-Министра Ералы Тугжанова провел заседание межведомственной комиссии по недопущению распространения коронавирусной инфекции на территории Республики Казахстан.

В Казахстане за последнюю неделю заболеваемость коронавирусной инфекцией выросла в 3,2 раза. До 89% заболевших приходится на невакцинированных и непрошедших ревакцинацию за последние 6 месяцев.

Озвучены результаты мониторинга с посещением организаций ПМСП г. Нур-Султана по оказанию медицинской помощи населению по COVID-19.

Мониторинг, проведенный в 8 поликлиниках города, показал, что в 12% из них (частные медицинские организации) не организована работа фильтр-кабинетов, не ведется дистанционный мониторинг пациентов с COVID-19, не соблюдаются дезинфекционный, масочный режимы, социальная дистанция.

Вице-премьер Ералы Тугжанов поручил столичному акимату принять соответствующие меры в отношении медицинских организаций, не соблюдающих алгоритм ведения больных вирусом COVID-19. Также аналогичные проверки поручено провести во всех регионах.

C учетом актуализации матрицы пересмотрены подходы к ограничительным мерам, вводимым при ухудшении эпидобстановки.

Так, при нахождении региона в «зеленой» зоне, но при повышении числа «R» рекомендуется ношение масок в закрытых учреждениях и общественном транспорте.

При переходе региона в «желтую» зону:

- перевод контактных лиц на дистанционную форму работы;
- перевод сотрудников с абсолютными противопоказаниями к вакцинации против COVID-19 при контакте с больным COVID-19 на дистанционную форму работы;
- исключение проведения мероприятий с совмещением групп в организациях образования (разрешено проведение мероприятий в группах);
- соблюдение санитарно-дезинфекционного режима на объектах, ежедневное проведение влажной уборки и проветривание помещений на объектах.

Рекомендовать использование медицинских масок:

- в местах массового скопления людей (аэропорты, железнодорожные вокзалы, автовокзалы, рынки, ТРЦ, торговые дома, театры, кинотеатры, ЦОНы, банки, спортивные мероприятия со зрителями);
- в организованных коллективах;
- во всех видах транспорта (общественный транспорт, авиа, жд, международные автобусные перевозки).

В завершение заседания Е. Тугжанов поручил государственным органам и акиматам активизировать работу по вакцинации и ревакцинации населения, а также проводить широкую разъяснительную работу среди населения.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
932 views11:45
Ашу / Түсініктеме
2022-07-19 14:44:05 ​​Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Қазақстанда соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары 3,2 есе өсті. Олардың 89%-ға жуығы екпе алмаған және соңғы 6 айда ревакцинациядан өтпеген.

COVID-19 бойынша халыққа медициналық көмектің көрсетілуіне Нұр-Сұлтан қаласындағы БМСК ұйымдарына бару арқылы жүргізілген мониторинг нәтижелері белгілі болды.

Қаланың 8 емханасында жүргізілген мониторинг емханалардың 12%-да (жеке медициналық ұйымдар) сүзгі-кабинет жұмысының ұйымдастырылмағанын, COVID-19 жұқтырған науқастарға қашықтан мониторинг жүргізілмейтінін, дезинфекция, маска режимі, әлеуметтік қашықтық сақталмайтынын көрсетті.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне COVID-19 жұқтырған науқастармен жұмыс жүргізу алгоритмін сақтамайтын медициналық ұйымдарға тиісті шара қабылдауды және осындай тексерулерді барлық өңірде жүргізуді тапсырды.

Матрицаның өзектендірілгені ескеріле отырып, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда шектеу шараларын енгізу шарттары қайта қаралды.

Өңір жасыл аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылады.

Өңір сары аймаққа ауысқан жағдайда:

- науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- COVID-19 жұқтырған науқаспен байланыста болған вирусқа қарсы екпеге қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
- білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-шараларды өткізуді болдырмау (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі);
- объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау,
объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету.

Медициналық маскаларды тағуға кеңес беру:

- халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, тж вокзалы, автовокзалдар, базарлар, СОСО, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер, көрермендерді қатыстыра отырып өткізілетін спорттық шаралар);
- ұйымдасқан ұжымдарда;
көліктің барлық түрінде (қоғамдық көлік, әуе, тж, халықаралық автобус тасымалдары).

Отырыс соңында Е. Тоғжанов мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге халықты вакцинациялау және ревакцинация жасату жұмыстарын жандандыруды, сондай-ақ халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment
845 views11:44
Ашу / Түсініктеме