Get Mystery Box with random crypto!

​​ ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб оты | UKIMET

​​ ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізіп, онда 2021 жылы және 2022 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларды орындау қорытындылары, сондай-ақ «Valmont Industries» компаниясының механикаландырылған суару жүйелері зауытын салу жобасын іске асыру барысы қаралды.
 
Өткен жылдың қорытындысы бойынша НКИ тарту жоспарларын орындауда Шымкент қаласы, Ақтөбе облысы және Қостанай облысы көш бастаған.
 
Аталған көрсеткіш бойынша Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары аутсайдерлер қатарында.

Әлихан Смайылов жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тек тәуекелдерді ғана емес, сондай-ақ дамуға да мүмкіндіктер ұсынатынын, сондықтан барлық өңірлер мен мемлекеттік органдардың басшылығы осы бағытта жұмысты жандандыруы қажет екенін атап өтті.
 
«Біз мемлекеттік органдарда мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде белгілі бір сын-тегеуріндер бар екенін көріп отырмыз. Артта қалған орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер бұл мәселеге назар аударуы керек. Негізгі капиталға инвестиция тарту жұмысын жандандыруды және осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Министрлер мен әкімдер бұған тікелей жауапты», — деді ҚР Премьер-Министрі.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment