Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі қ | UKIMET

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингі қысқа мерзімде іске қосылады – ҚР АШМ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизинг тетігін енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Бұл туралы ҚР АШМ Баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңеске қатысушылар «Жасыл Даму» АҚ (ӨКМ операторы) қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизинг тетігін іске асырудың негізгі тәсілдерін талқылап, келісті.

Бұл механизмді биылғы жаппай жинау жұмыстары басталғанға дейін қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр.

Бағдарламаның шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталады.

Бағдарламаны қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады. Оған шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.



Льготный лизинг сельхозтехники запустят в Казахстане в кратчайшие сроки — МСХ РК

В Министерстве сельского хозяйства РК прошло совещание по вопросам внедрения механизма льготного лизинга отечественной сельхозтехники за счет средства оператора РОП. Об этом сообщает пресс-служба МСХ РК.

Участники совещания обсудили и согласовали основные подходы реализации механизма льготного лизинга отечественной сельхозтехники за счет средств АО «Жасыл Даму» (Оператор РОП).

Данный механизм планируется принять в кратчайшие сроки, до начала массовых уборочных работ текущего года.

Условия программы будут направлены на стимулирование приобретения сельхозтехники малыми и средними сельхозформированиями.

Финансирование программы будет осуществляться дочерними организациями АО «НУХ «Байтерек». На нее планируется выделить порядка 40 млрд тенге.

#Үкімет

https://t.me/KZgovernment