Get Mystery Box with random crypto!

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ҚР Үкіметінің кеңейтілген от | UKIMET

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Әлихан Смайылов биыл көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы өткізуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шара қабылданғанын атап өтті.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға республикалық бюджеттен қаржыландыру 2 есеге ұлғайтылды және форвардтық сатып алуға 80 млрд теңге берілді.

Нарықтық бағадан 15%-ке төмен бағамен 400 мың тонна жанар-жағар май жеңілдікпен бөлінді.

Тұқымдармен қамтамасыз ету мәселесі шешілді және жемдік астық қорын қалыптастыру үшін қосымша қаражат бөлінді.

Субсидиялау бағыттары қысқартылып, 2023 жылдан бастап олардың тиімсіз түрлері алынып тасталады.

Жемқорлық деңгейін төмендету үшін 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды.

#Үкімет