Get Mystery Box with random crypto!

Сату маманы вакансиясы Сәлем, біз Onno.kz - серіктестеріміз | О, Идея 🙇

Сату маманы вакансиясы

Сәлем, біз Onno.kz - серіктестерімізге рекордты клиенттер әкелуші маркетинг компаниясы

Біз кәсіпкерлердің бизнесіне қажетті 15 түрлі маркетинг қызметін ұсынамыз (таргетинг, копирайтинг, дизайн, сайт жасау, чат-бот, CRM орнату арқылы кәсіпті жүйелеу және т.б).

Және командамызға аталған маркетинг қызметтерін сату үшін келесідей маман іздейміз:

- Адамдармен тілдесіп, қарым-қатынас құра алатын
- Сату техникаларын білетін
- Нәтижені, сатылымды көздейтін
- Креативті, жаңа идеяларға ашық, дамуға ұмтылған
- Жауапты, ұқыпты, тапсырмаларды уақтылы орындайтын
- Жасы 20-дан жоғары (студенттер қарастырылмайды)
- Алматы қаласынан

Бізден:
- Ұйымшыл команда
- Жайлы офис
- Толық жұмыспен қамту, штаттық режимде
- Еңбекақы: 120 000-нан басталады + сатылымнан % + KPI бойынша қосымша бонустар
- Кәсіби өсім
- Ай сайын табиғат аясында компания тарапынан тимбилдингтер
- Командамен түрлі ойындар, көңіл көтеру
- Өсу мен дамуын компания тарапынан қолдау (маманға не қажет болса: курстар, қосымша білім, кәсіби мамандардан консультация және т.б.)
- График: Дс-Жм 10:00-18:00, Сб 10:00-14:00


Біздің командада бірге дамығыңыз келсе, +7 (700) 245-12-14 номеріне WhatsApp/Telegram резюмеңізді жіберіңіз

Чаттарға рассылка жасап жіьерсеңіздер