Get Mystery Box with random crypto!

Таргетолог қызметін қымбатқа қалай сата алады? Әріптестерімні | О, Идея 🙇

Таргетолог қызметін қымбатқа қалай сата алады?

Әріптестерімнің көбі қызметін сатуға келгенде сату техникаларына көп мән береді. Дұрыс оған ешқандай қарсылығым жоқ. Бірақ ескеру керек бірнеше маңызды пунктар бар:

- Кейс. Кез-келген маман істеген жұмысымен бағаланады. Егер сізде отзыв,кейс болмаса бірінші соған жұмыс істеу керек. Тәжірибемнен айтатын болсам бас кезінде тегін жасадым, кейін күніне 500-1000 тг жасап жүрдім. Солай тәжірибемен қоса отзыв,кейс пайда бола бастады.

- Проблеманы оперативті түрде жылдам шеше алу. Таргет күнде проблема.(Это есть таргетинг ) Бір күндік таргеттің өшуі қып-қызыл шығын. Мүмкіндігінше алдын алып отырғаныңыз абзал. Мәселе кезінде паника ұстамай алдымен себебін анықтап,түбегейлі шешіңіз. Мүмкіндік болса келесі жолы қайталамаңыз.

- Кретикалық ойлау және аналитика. Қолда бар мәліметті дұрыс өңдеп,тиімді жаққа қолдана білу.

- Психология,менталитет, бизнес процесстер бұл енді тәжірибе арқылы келетін дүниелер.

Жоғарыда айтылғандарсыз қанша жерден сату техникасын қолданса да алысқа бара алмайсыз. Қазақстан өте кішкентай бірдеме бүлдірсең,жетістікке жетсеңде тез тарап кетеді. Репутация+кейс+білім+тәжірибе осыларға сату техникасы қосылғанда бомба

P.S. Бізде әлі таргетолог,трафик менеджерлер жетіспейді.Әлі сізде де уақыт бар. Жақсы маман болып, ақшаны күреп табуға

@tiko_kz
@tiko_kz
@tiko_kz

Таргетинг, маркетингке қатысты қызықты посттар