Get Mystery Box with random crypto!

Елімізде байланыс операторларының жауапкершілігі күшейтілмек. | ALMATYzhan KZ

Елімізде байланыс операторларының жауапкершілігі күшейтілмек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Тиісті түзетулер операторлардың техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету және интернетке қолжетімділік үшін жауапкершілігін күшейтеді.

Құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлды 1000 АЕК-ке (3 063 000 теңге) және бір жыл ішінде қайталанған бұзушылық үшін 1 500 АЕК-ке (4 594 500 теңге) дейін көбейту операторлар арасында бәсекелестікті арттырып, азаматтардың жоғары сапалы байланыс және интернет қызметтерін алу құқығын қорғайды.

Сіз қай байланыс операторын қолданасыз? Өңіріңізде байланыс жақсы ұстайды ма?