Get Mystery Box with random crypto!

Жаңа оқу жылында мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен | ALMATYzhan KZ

Жаңа оқу жылында мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа тәртіппен жүргізіледі.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың айтуынша, негізгі мақсат – педагогтарды жұмысқа қабылдауда ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету, оқу жүктемесін бөлу барысында заңсыздықтарды болдырмау.

Бос жұмыс орны шыққан кезде мектеп директоры жұмыс орнының босағанын 5 күн ішінде еңбек жағдайлары мен жалақысын көрсете отырып, Халықты жұмыспен қамту орнына ақпарат беруі тиіс.