Get Mystery Box with random crypto!

Ұлттық қорға қатысты былықтар әшкереленуде. Қазіргі уақытта Қ | ALMATYzhan KZ

Ұлттық қорға қатысты былықтар әшкереленуде.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық қорында 53,8 миллиард доллар ғана қалды. Жыл басында 55 млрд болатын. Салыстырсақ, 2014 жылы 77,2 миллиард долларды құраған.

Есеп комитетінің болжамынша, егер жұмсаудың қазіргі практикасы сақталса, онда қор 2030 жылға қарай нөлге теңеледі. Үкімет оны экономиканың өсімін қамтамасыз етуге емес, жай ғана бюджет тапшылығын жабудың көзі ретінде қолданады.

Бас аудитор Наталья Годунованың айтуынша, қордан қаржыландырылған жобалардың құнын қолдан, жасанды түрде қымбаттатуға жол берілген. ҰҚ қаражаты тіпті жеке және заңды тұлғаларға кредит түрінде таратылған, бұл Бюджет кодексіне қайшы. Қордың таусылуына соқтыратын тағы бір фактор: одан алынып, игерілмеген қаражат ҰҚ-ға кері қайтарылмайды.