Get Mystery Box with random crypto!

Атырауда 5 жылға бас бостандығынан айырылған азамат Жоғары сот | ALMATYzhan KZ

Атырауда 5 жылға бас бостандығынан айырылған азамат Жоғары сот үкімімен ақталып шықты.

Жылыой ауданының тұрғыны былтыр есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен ұсталып, аудандық сот үкімімен бес жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда сот үкімімен келіспеген айыпталушы өзінің жазықсыз екенін айтып, апеляциялық сотқа шағымданған. Бірақ нәтиже болмай, үкім заңды күшінде қала берген. Ол кейін Жоғары сотқа шағымданған.

"2021 жылғы 18 маусымда полицейлердің заңсыз әрекеті нәтижесінде жазықсыз қамалып, 5 жылға жаза арқаладым. Менің кінәсіз сотталуым ең бірінші анама ауыр тиді. Сондықтан заң алдында адалдығымды дәлелдегім келіп, қорғаушымның көмегімен ҚР Жоғары сотына арыздандық", - дейді  айыпталушы.

Оның айтуынша, марихуана тәріздес шөптің темекі ішіне салынған 2 данасын көшеден тауып алып оны, жолдастарына көрсеткен. Оның ішінде жақын досы да болған. Досы есірткінің бір данасын сұрап алып, оны полицейлерге тапсырып, неге екені белгісіз есірткіні досынан сатып алғанын айтқан.

"Осының бәрін алдын ала ұйымдастырғанын кейін түсіндім, себебі мен оған есірткі тауып алғанымды айтқан едім. Бұл жерде досым менен бір данасын алып, ал полицейлерге 2 дана қылып тапсырған. Оны кейін маған байқатпай түсірген бейнежазбасынан да көрдік. Неге екені белгісіз, досым "екі данасын сатып алдым" деп, маған нақақ жала жауыпты. Бұл жерде жолдасымның бұрын есірткімен ұсталғанын білетін полицейлер оны маған әдейі жіберген деп ойлаймын.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ҚАПЫ ҚАЛМА! БІЗГЕ ЖАЗЫЛ!