Get Mystery Box with random crypto!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді. Мемл | ALMATYzhan KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев референдумда дауыс берді.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайы ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.

Сонымен қатар, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен пемьер-министр Әлихан Смайылов референдумда дауыс берген болатын. Ол ұлттық кітапхана ғимаратындағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс береді. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ:

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДАН ҚАПЫ ҚАЛМА! БІЗГЕ ЖАЗЫЛ!