Get Mystery Box with random crypto!

Кім құранды сүйсе онымен жолығуға асығады. Егер ол жолда шарша | نور على نور

Кім құранды сүйсе онымен жолығуға асығады. Егер ол жолда шаршау, сынақ көрсе ол сонда да берілмейді. Алла құлының Құранға деген адалдығын осылай сынайды. Сол сәтте кім құраннан ажырамай, үнемі оны өмірнің ең маңызды сатысына қойса, Аллаһ оның тілемей жатып дұғасын қабыл етеді. Көктегілерге де, жердегілерге де құрметті етіп қояды. Егер бір қиындыққа душар болса, құлының жүрегін Құранның нұрымен толтырып тыныштыққа бөлейді. Ол кітап сондай, кім шынайы құранға беріледі, Алла сөзсіз оған бәрін береді. Ниеті тазарып, ықыласы артқан сайын Алла оған түрлі ғажайыпты көрсетеді. Егер бір қателік жіберсе құран арқылы ескертіледі.

Құранға адал болу- тек бір Алла үшін ғана онымен шұғылдану. Пенденің назарын , дүниені араластырмау. Міне осы ҚҰРАНҒА АДАЛДЫҚ...