Get Mystery Box with random crypto!

🌴ҚҰРАН 📖 Сүрелер 🍃Sura🍃 Суры 🕋

Telegram арнасының логотипі kuransurelerii — 🌴ҚҰРАН 📖 Сүрелер 🍃Sura🍃 Суры 🕋 Қ
Telegram арнасының логотипі kuransurelerii — 🌴ҚҰРАН 📖 Сүрелер 🍃Sura🍃 Суры 🕋
Арна мекенжайы: @kuransurelerii
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 793
Арнадан сипаттама

⏳СҮРЕЛЕР💫СУРЫ🕋📿

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 3

2022-05-14 18:42:54 ҚҰРАН - ҮЙДЕГІ ЖЫН-ШАЙТАНДЫ ҚУАЛАП, ШАҢЫРАҒЫҢЫЗҒА ПЕРІШТЕ ШАҚЫРАТЫН, ОТБАСЫҢЫЗҒА ТЫНЫШТЫҚ ПЕН БЕРЕКЕ ӘКЕЛЕТІН ҰЛЫ МҰҒЖИЗА!

Құранды өте жақсы бір мақаммен оқитын сахабалардың бірі Ұзайр ибн Ұсайд былай дейді:
Бір күні түнде «Бақара» сүресін оқып отырғанымда атым жанымда байлаулы тұрған еді. Құранның даусын естіп атым осқырынып, жер тарпи бастады. Оқығанымды тоқтата қойдым. Атым да тынышталды. Қайта оқи бастап едім, атым тағы тыпырши бастады. Үшінші мәрте оқи бастағанымда атым тағы да мазасызданды. Яхия атты ұлым аттың жанында ұйықтап жатқан болатын. Басып кетпесін деп баламды алып кейінірек жатқызып қойдым. Басымды көтеріп аспанға қарағанымда ақ бұлттың көлеңкесіне ұқсайтын бір тұманның ішінде шырақ сияқты көптеген нәрселердің жарқырып тұрғанын көрдім. Ақ бұлт жарқыраған күйінде көкке көтеріліп көрінбей кетті. Таңертең болған оқиғаны Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқанымда
«Ей, Ұсайд, оқы! Ей, Ұсайд, оқы!» деді. Мен Құран оқуым керек екенін түсініп, «Иә, Расулаллаһ, Яхия ұлым аттың аяғының астына жақын жатқандықтан, басып кете ме деп қорқып оқуымды тоқтатып едім», - дедім. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
- Ей, Ұсайд! Сенің көргенің періштелер болатын. Олар сенің Құран оқығаныңды естіп келді. Егер сол қалпы оқи бергеніңде таңға дейін тыңдайтын еді, көпшіліктің көзінен жасырынбайтын еді, - деді.
***
Иә, Алланың сөзі оқылған жерге міндетті түрде періштелер келеді және ол жерді періштелер қоршап, сол ортаға тыныштық пен мейірім түседі. Алла Елшісі (ﷺ): «Үйлеріңді қабірге айналдырмаңдар. Расында, шайтан ішінде әрдайым «Бақара» сүресі оқылатын үйден қашады», - деген. (Муслим)
Ал шайтан қашқан үй ұрыс-керіс пен бәле-жаладан аман, бақытты болатыны даусыз.
656 views15:42
Ашу / Түсініктеме