Get Mystery Box with random crypto!

Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын)  жеткен риуаятта Алланы | 🌴ҚҰРАН 📖 Сүрелер 🍃Sura🍃 Суры 🕋

Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Рамазан оразасынан кейінгі ең абзал ораза Алланың айы мұхаррам айында тұтылған ораза», – деген. Мүсілім риуаят еткен.

Мұхаррам айында келетін Ашура күні – мұсылман тарихындағы айтулы күндердің бірі. «Ашура» сөзі «оныншы» деген мағынаны білдіреді. Яғни мұхаррам айының оныншы жұлдызы. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алғаш Мәдина қаласына келгенде рамазан айының оразасы парыз болмаған шақта қаладағы яһудилердің мұхаррамның оны күні ораза ұстайтындығын көріп, олардан бұл оразаның себебін сұрайды. Сонда олар: «Бұл – біз үшін айтулы күн. Нақ осы күні Алла Тағала Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) пайғамбар мен қауымын озбыр Перғауыннан құтқарған», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  _*«Олай болса Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) сендерден гөрі мен жақынмын»,*_ – деп, мұсылмандарға осы күні ораза тұтуға бұйырады. Бірақ кейінірек рамазан оразасы парыз етілген соң: _*«Қалаған адам тұтсын, қаламаған адам аузын ашсын»,*_ – деп ерікті ораза санатында қалдырады.

عَنْ أَبِي قَتادةَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ سُئِلَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ صَوْمِ يَوْمِ عَاشُورَاءَ فَقَالَ: «يُكَفِّرُ السَّنَةَ الْمَاضِيَةَ». رَوَاهُ مُسْلِمٌ.

Әбу Қатада (Алла оған разы болсын)  жеткізген хадисте адамдар Пайғамбардан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ашура күнінің оразасы туралы сұрағанда Ол (оған Алланың сәлемі болсын): «Өткен жылдың күнә-қателіктерін өшіреді», – деген (Имам Мүслім риуаят еткен).

Ханафи мазһабының ғұламалары Ашура оразасы сүннет деп белгілеген. Сонымен қатар, Ашура күнін жеке тұтпай, оған алдыңғы, не кейінгі күнді қосып тұтуды ұсынған. Олар дәлел ретінде төмендегі Алланың Елшісінің (оған Алланың сәлемі болсын):  _*«Ашурада ораза тұтыңдар және яһудилерге керісінше жасап, алдыңғы не кейінгі күнді де тұтыңдар»*_ деген хадисін алға тартқан.

Хақ Тағала жасаған ғибадаттарымызды, ізгі істерімізді қабыл алғай. Осынау һижри жылды бүкіл мұсылман үмметі үшін құт-берекелі, бейбітшілік әрі бақуаттылық жылы еткей!
 

_*Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,*_

_*ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти*_

«Иман» журналы, №8, 2022 жыл