Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 4

2023-05-24 17:57:44 АДАМДЫ ӘУЛИЕ (АЛЛАНЫҢ СҮЙІКТІ ҚҰЛЫ) ЕТЕТІН 5 ҚАСИЕТ

Ғұлама Хафиз Суюты (Алла ол кісіні мейіріміне бөлесін) былай дейді:
"Егер баланың бойында болатын осы бес қасиет үлкен адамда болса, онда ол кісі Алланың сүйікті құлдарының біріне айналар еді! "

БІРІНШІ: Ризығына алаңдамайды;

ЕКІНШІ: Ауырса Құдайға шағым айтпайды;

ҮШІНШІ: Тамақты көппен бірге отырып жейді;

ТӨРТІНШІ: Бір нәрседен қорықса, көзінен жас ағады;

БЕСІНШІ: кек сақтамайды, яғни біреуге ренжісе тез ұмытып кетеді.
("Хусн әл-мухадара", 1/521)

Шынында да, "ертең не болады, ертең аш қаламын" деп жүріп, несібені Құдайдың беретінін ұмытып кетіп жатамыз. Алайда, Алла Құранда: "Кім Алладан (Оның тыйғандарынан) қорқып, сақтанса, Ол оған бір шығатын жол пайда қылады. Әрі оны ойламаған жерден ризықтандырады", - деп уәде берді емес пе? («Талақ» сүресі, 2,3-аяттар)
"Алла бекіткен ризықты менен ешкімнің тартып ала алмайтынына көзім жеткенде жүрегім тыныштық тапты" деген екен бір ғұлама.
Ендеше, пешенемізге жазылған ризық Алланың қалауынсыз бізді айналып өте алмайтынына, ақшаны да, тамақты да Құдайдың беретініне еш күмәнданбағанымыз абзал.

Ауырған кезімізде де Құдайға шағым айтып, ауруымыздың үстіне ауру жамамай, әр ауруды күнәларымыздың өтемі деп қабылдасақ, бұл сынақтан оп-оңай-ақ құтылар едік.
Пайғамбарымыз (ﷺ) : «Мұсылман басына не түссе де, шаршау-шалдығу, дерт, қайғы, сәтсіздік, күйзеліс, немесе, тіпті, тікен кірсе де, Алла Тағала бұл арқылы оның бір күнәсін сөзсіз кешіреді», - деп айтқан.

Ендеше, бейкүнә сәбидің бойында болатын осы бес қасиет біздің де ойымыздан, бойымыздан табылсын деп тілейік әрі солай жасауға тырысып көрейік
4.2K views14:57
Ашу / Түсініктеме
2023-05-23 19:35:05 ТАҢДАУЛЫ ДҰҒА-ТІЛЕКТЕРДІҢ ТОПТАМАСЫ!

1. Алладан салиқалы жар, ізгі ұрпақ сұрау және адамдардың абзалы болуды тілеу. 

«Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ете гөр әрі бізді тақуалардың алды ет!»
(«Фурқан» сүресі, 74-аят)   

«Раббәнәә һәб ләнәә мин әзуәәджинәә уә зуррииәәтинәә қурратә әъиуниу уәджъәлнәә лил-муттәқиинәә имәәмәә». 

رَبَّنَا هَبْ لَنَا مِنْ أَزْوَاجِنَا وَذُرِّيَّاتِنَا قُرَّةَ أَعْيُنٍ وَاجْعَلْنَا لِلْمُتَّقِينَ إِمَامًا

2. Жаман көршінің, қырсық әйелдің, жетесіз баланың, қайырсыз дүние мен жаман достың кесірінен Аллаға сыйыну.

«Иә, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын». (Табарани «әд-Ду’а» 3/1425)
  
«Аллаһуммә инни аъузу бика мин жәәрис-суу, уә мин зәужин тушайибуни қабләл-мәшиб, уә мин уәләдин якуну ъаләйә рабба, уә мин мәәлин якууну ъаляйа ъазаба, уә мин халилин мәәкирин ъайнуһу тараани уә қалбуһу яръаани ин ра-а хасанәтән дәфәнәһә, уә изә ра-а сәйиәтән әзәәъаһа».

اللَّهُمَّ إنِّي أّعُوذُ بِكَ مِنْ جَارِ السُّوءِ، وَمِنْ زَوْجٍ تُشَيِّبُنِي قَبْلَ المَشِيبِ،وَمِنْ وَلَدٍ يَكُونُ عَليَّ رَبّاً، وَمِنْ مَالٍ يَكُونُ عَلَيَّ عَذَابَاً، وَمِنْ خَلِيْلٍ مَاكِرٍ عَيْنُهُ تَرَانِي، وَقَلْبُهُ يَرْعَانِي؛ إِنْ رَأَى حَسَنَةً دَفَنَهَا، وَإِذَا رَأَى سَيِّئَةً أَذَاعَهَا

3. Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға.

«Иә, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сыйынамын» (Бұхари) 

«Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл».

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ، وَالْبُخْلِ وَ الْجُبْنِ، وَضَلَعِ الدَّيْنِ وَغَلَبَةِ الرِّجَال

4. Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну:

Иә, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ, қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. (Бұхари, Әдәбул Муфрад)

«Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт».

اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَدَنِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي سَمْعِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَصَرِي، لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكُفْرِ وَالْفَقْرِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ

5. Жақсы мінез қалыптастыратын дұға:
  
Иә, Алла! Мені ең жақсы мінездерге жетелей гөр. Өйткені оның ең жақсысына Сенен басқа ешкім жетелей алмайды және оның жаманын менен бұрғайсың. Өйткені оның жаманынан мені Сенен басқа ешкім де айықтыра алмайды. (Ибн Әби Шәйба)  

«Аллаһуммаһ-дини ли әхсәнил-әхләәқ, фә иннәһу лә йәһди ли-әхсәниһә иллә әнтә, уәсриф ъанни сәий-әһә лә ясрифу ъанни сәийәһә иллә әнт».   

اللَّهُمَّ اهْدِنِي لأَحْسَنِ الأَخْلاقِ، فَإِنَّهُ لا يَهْدِي لأَحْسَنِهَا إِلا أَنْتَ، وَاصْرِفْ عَنِّي سَيِّئَهَا لا يَصْرِفُ عَنِّي سَيِّئَهَا إِلا أَنْتَ

6. Адам атамыз бен Хауа анамыздың Алладан кешірім сұрап тәубе жасағанда қабыл болған дұғасы:
(Кім осы дұғамен Алладан шын өкініп, күнә-қателіктеріне кешірім сұраса, Алла оның тілегін қабыл етеді)

«Раббымыз! Біз өзімізге әділетсіздік істедік. Енді бізді кешіріп, рақым етпесең, сөзсіз зиянға ұшырағандардан боламыз» («Ағраф» сүресі, 23-аят)

«Раббәнә заләмнәә әнфусәнәә уә ил ләм тәғфир ләнәә уә тәрхәмнәә ләнәкуунәннәә минәл хасириин».

رَبَّنَا ظَلَمْنَا أَنفُسَنَا وَإِن لَّمْ تَغْفِرْ لَنَا وَتَرْحَمْنَا لَنَكُونَنَّ مِنَ الْخَاسِرِينَ

@kuran_nasikhat
4.3K views16:35
Ашу / Түсініктеме
2023-05-19 18:44:05
Өлім оңай
2.4K views15:44
Ашу / Түсініктеме
2023-05-19 11:05:18 ҚАЖЫЛЫҒЫ ҚАБЫЛ БОЛҒАН АДАМНЫҢ ӨМІРІ АҚ ПАРАҚТАН БАСТАЛАДЫ!
_____
Әбу Хурайрадан Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:
«Жаман сөз сөйлемей, күнәлі әрі орынсыз еш нәрсе жасамай Аллаға қажылық жасаған адам анасы оны туған күнде қандай (күнәсіз) болса, солай оралады». (Бұхари 1521, Муслим 1350)
_____
@kuran_nasikhat
2.6K views08:05
Ашу / Түсініктеме
2023-05-13 15:06:53 БҰЛ - ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ НЕГІЗГІ КІЛТІ!
Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз халқына ең бірінші осы нәрсені айтқан еді. Ол ﷺ: ”Уа, адамдар! «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Құдай жоқ» деп айтыңдар, сонда табысқа жетесіңдер!” – деген.
(Ибн Әби Шәйба, Ибн Хузайма, Ибн Хиббан)

@kuran_nasikhat
71 views12:06
Ашу / Түсініктеме
2023-05-12 06:03:47 «Әй, ұлым! Намазды толық орында, жақсылықты бұйырып жамандықтан тыйып, басыңа түскен ауыртпашылыққа сабырлы бол».
«Лұқман» сүресі, 17-аят.

Жұма мүбәрак болсын
2.1K views03:03
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 18:51:13 БҰЛ - ҚИЯМЕТТЕ ТАРАЗЫДАҒЫ ЕҢ АУЫР ТАРТАТЫН АМАЛ!
Әбу Сағид әл-Худриден жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ былай деген: "Мұса пайғамбар: Иә Раббым, мені, Сені мадақтап еске алатын нәрсеге үйрет және сол арқылы дұға етіп жалбырынатын болайын, - деген. Сонда Алла: Иә, Мұса, Алладан басқа құдай жоқ деп айт,— деді. Мұса: Иә Раббым, бүкіл құлдарың осыны айтады, - деді. Алла: «Иә, Мұса, егер де жеті аспан және оның тұрғындары (адамзат, жындар, періштелер) әрі жеті жер таразының бір табағында, ал " Лә иләһа иллә Аллаһ" (Алладан басқа Құдай жоқ) таразы табағының екіншісінде болса, онда "Лә иләһа иллә Аллаһ" оларды басып түседі"
(Ибн Хиббан, әл-Хәким)

@kuran_nasikhat
2.4K views15:51
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 15:54:32
2.3K views12:54
Ашу / Түсініктеме
2023-05-11 15:54:21 Niyet Hajj & Umrah компаниясы шәууәл айында керемет жеңілдікпен Умра қажылығын жасауға шақырады

Эконом пакет $1 130

Пакет құнына кіреді:
Виза (мультивиза 1 жыл);
Әуе тасымалдау: бару және қайту ұшақ билеттері;
Қонақ үй;
Тамақ: +$120 (2 мезгіл)
Гид қызметі;
Экскурсия:
Медина
Мекке
Трансфер;

Сыйлық: Умра анықтамалығы кітапша, қажы жиынтығы


Байланыс:

Алматы қ., Бузурбаев к., 23
+7 778 477 76 66
+7 747 790 25 23
+7 707 995 95 99
+7 702 445 44 45

Шымкент қ.,17-микрорайон 10А/3
+7 775 444 55 33
+7 700 294 97 21
2.4K views12:54
Ашу / Түсініктеме
2023-05-07 18:10:11 ДЕПРЕССИЯНЫҢ АЛДЫН КЕСІП, ӘР КҮНІҢІЗДІ ҚАЙЫРЛЫ ЕТЕТІН 3 ЕРЕЖЕ!

Бір дана адам өз жұмыс бөлмесіне үш тақтайша іліп қойыпты.
Оның біріншісінде:
«БҮГІНГІ КҮНМЕН ӨМІР СҮР» деп жазылған екен.
Яғни, сенің өмірің – тек осы бүгінгі күн. Өткеннің уайым-қайғысы мен келер күннің қорқынышты елестері арасында сүрінбей, бар күш-жігеріңді, ынта-талабыңды бір-ақ күнге жұмса. Осы күнде шын жүрекпен Алла Тағаланы еске алып, ықыласпен намаз оқы, Құран жатта. Сыртқы көрінісіңе мән беріп, атқарар істеріңді дұрыс әрі тыңғылықты орындап, өзгелерге пайдаңды тигіз. Барға риза, жоққа қанағат қыл. Егер бүгін ыстық, жұмсақ, дәмді нан жесең, кешегі жеген қатқан нанды немесе ертең жейтін белгісіз нанды ойлауыңның не қажеті бар?! Егер бүгін таза, мөлдір су ішіп отырсаң, кеше ішкен тұзды су үшін неге уайымдайсың?! Бүгін туылып, бүгін өлетіндей өмір сүр, соған амал жаса.

Екіншісінде: «ОЙЛАН ЖӘНЕ РАХЫМШЫЛ БОЛ» деп тұр.
Сен өз аяқтарыңмен жүріп-тұрсаң, қаншама адам арбаға таңылып отыр емес пе?! Ұйқың қанып тұрасың, ал көбінің мазасын ауру қашырған.
Сен тойып ішіп-жеп жатырсың, көбі ауру-сырқау болғандықтан судың да дәмін көре алмай жүр. Құлағың жайлы ой жүгірт, керең емессің. Көзің жайлы ойлап көр, соқыр емессің. Теріңе қара, алапес емессің. Ақыл-ой төңірегінде ойлан, ессіз жынды емес, саналы жансың. Сол ақылмен қаншама байлық-нығметтерге бөленіп жатырсың. Бір көзіңнің есесіне таудай алтын берем десе, көзіңді беруге келісер ме едің? Құлағыңды екі таудай күміске сатар ма едің? Тіліңді беріп, патшалар сарайында тілсіз отыруға келісер ме едің? Қолдарыңның есесіне алтын-күміс, маржан-жақұт берсе, қолсыз қалуға келісер ме едің? Жоқ.
Демек, Алла Тағаланың саған берген нығметтерін еске ал, зерделе, шүкір ет. Ол сені жан-жағыңнан қоршап тұр!
«...Егер Алланың нығметтерін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар...» ("Ибраһим" сүресі, 34-аят)
«Ендеше, Раббыңның қай нығметін өтірік дейсің?» ("Рахман" сүресі, 15-аят)

Үшінші тақтайшада: «ҚАЙҒЫРМА!» деген бір-ақ сөз жазылған екен.
Қайғыру – үміт отын сөндіріп, көңілдегі қайратты әлсіретеді және өмір бұлағын лайлап, жүректі у ішкендей үнсіз қалыпқа түсіреді. Сонымен қатар пенде қайғыға ұшырап, ізгі амалдарын тоқтатса, шайтан шаттанады екен.
Алла Тағаланың мына сөздері қайғырудан қайтарған:
«Босамаңдар және қайғырмаңдар...» ("Әли Имран", 139) «...Қайғырма, Алла бізбен бірге» ("Тәуба", 40)
«...Оларға қорқу да жоқ әрі олар қайғырмайды» ("Маида", 69)

Аштықтан кейін тоқтық, шөлден кейін су ішу, ұйқысыздықтан кейін тыныш ұйықтау, дерттен кейін айығу бар! Кеткен адам жуырда келеді, адасқан адам жолын табады, қараңғылық сейіліп, таң атады!
Міне, осы бақыт жолына бастар үш жол, үш ереже. Неге сен де өз кітапшаңа немесе күнделігіңе жазып алып, ескеріп жүрмеске?!

@kuran_nasikhat
4.8K views15:10
Ашу / Түсініктеме