Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН НАСИХАТ

Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ Қ
Telegram арнасының логотипі kuran_nasikhat — ҚҰРАН НАСИХАТ
Арна мекенжайы: @kuran_nasikhat
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 13.43K
Арнадан сипаттама

ҚМДБ Ұстаздардың уағыздар жинағы.

Ratings & Reviews

1.33

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

0

4 stars

0

3 stars

0

2 stars

1

1 stars

2


Соңғы хабарлар 3

2023-06-05 08:57:09 БІЛІМ – ТАҚУАЛЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ!

«Шын мәнінде, Алладан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады» («Фатыр» сүресі, 28-аят).
Ибн Аббас білімі барлар деп – аса ұлы Аллаға серік қоспаған, Оның рұқсат еткендері мен тыйым салғандарын ұстанған, аса ұлы Алламен жолығатынына сенетін және әрбір амалы үшін жауап беретінін білген адамды айтқан. Ибн Масғұд: «Білім көп хадисті білгенде емес, білім бұл – аса ұлы Алладан көп қорқу» (Ибн Касир, 531 б)
Ал Имам Шафиғи: «Білім – жатталған нәрсе емес, білім – пайдасын әкелген нәрсе» дейді.
2.2K views05:57
Ашу / Түсініктеме
2023-06-03 18:03:41 БІЛІМІҢІЗДІ АРТТЫРАТЫН 4 ДҰҒА!

«Рабби-шрах ли ĉадри, уа яссир ли әмри, уәхлул ‘уқдәтам мил лисәни, яфқаhу қаули»
رَبِّ اشْرَحْ لِي صَدْرِي * وَيَسِّرْ لِي أَمْرِي * وَاحْلُلْ عُقْدَةً
مِنْ لِسَانِي * يَفْقَهُوا قَوْلِي

Мағынасы: "Раббым! Көкірегімді кеңіте гөр, әрі ісімді жеңілдет және тілімнің түйінін шеш. Олар сөзімді түсінуі үшін"
(«Таһа» сүресі, 25-28-аяттар)
___

اللَّهُمَّ انْفَعْنَا بِمَا عَلَّمْتَنَا وَعَلِّمْنَا مَا يَنْفَعُنَا وَزِدْنِي عِلْمًا
«Аллаhуммә-нфаъна бимә ъалләмтана уә ъәллимна мә йанфә’уна уә зидни ‘илмән»

Мағынасы: «Иә, Алла, Бізге пайдалы білім бер және ілімімізді арттыр»
(Тирмизи, Ибн Мәжаһ)
______

اَلَّلهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْمًا نَافِعًا، وَرِزْقًا طَيِّبًا، وَعَمَلاً مُتَقَبَّلاً

«Аллаhуммә инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән»

Мағынасы: «Иә, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (Өз құзырыңда)қабыл болатын амал сұраймын» (Ибн Мәжаһ)
____

رَبِّ زِدْنِي عِلْمًا

«Рабби зидни ‘илмән».

Мағынасы: "Иә, Раббым, менің көкірек көзімді ашып, ғылым-білімімді арттыра гөр!"
("Таһа" сүресі, 114-аят)
2.7K views15:03
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 08:34:52 ҚЫСТА ДАЛАДА ТҮНЕГЕН ОТБАСЫ

Мылқаумын деп те, мұқтажбын деп те ешкімге қолын жаймаған отбасыны көрдік. Еріктілердің ескертуімен іздеп келіп 4 баламен аядай үйде, үй деуге де келмейтін қирандыда өмір сүріп жатқан екі бірдей мүгедек жанды көріп жанымыз ауырды. Отағасы қолынан келгенше қалаға барып, жүк тасып балаларының несібесін арқалап келеді!
Дегенмен, ел болып осы мұқтаж отбасының бір жыртығын жамап берсек, басына уланып өлмейтін, жаурап қаңғымайтын жылы баспана сыйласақ қазақ атымыз үшін де, мұсылмандығымыз үшін де зор мәртебе деп білеміз.

Алла баршаңыздың ниеттеріңіз бен садақаларыңызды қабыл етсін
3.1K views05:34
Ашу / Түсініктеме
2023-06-02 03:57:52 Егер сен дәрежеңнің он есе көтерілгенін қаласаң, және он жақсылық жазылғанын қаласаң... Және он күнәларының өшірілгенін қаласаң...
Онда мырзамыз Пайғамбарымыз ﷺ салауат айт!
3.0K views00:57
Ашу / Түсініктеме
2023-05-30 17:06:18 СІЗДІ АЛЛАҒА СҮЙІКТІ ЕТЕТІН 4 ҚАСИЕТ!

Сахаба Әбу Бәкір әс-Сыддық (оған Алла разы болсын) былай деген:
"Мына 4 қасиетті бойына сіңірген адам Алланың сүйікті құлына айналады. Олар:
1. Біреудің тәубеге келіп, тура жолға түскеніне қуану;
2. Күнә жасап жүрген адамды көрген кезде оның сыртынан жақсылық тілеп, дұға жасау;
3. Өзімен байланысты үзген адамға игілік тілеу;
4. Ізгі іспен айналысып жүрген қайырымды жандарға қолдан келгенше көмектесу.

(«Мужамаъ әл-әмсал» 2-том, 450-бет)
3.8K views14:06
Ашу / Түсініктеме
2023-05-28 18:34:52
Ысырап жасаушылар шайтанның бауырлары...
4.6K views15:34
Ашу / Түсініктеме
2023-05-28 09:04:08 "СЕНІҢ КҮНІҢ - БҮГІНГІ КҮН!"
*
Хасан әл-Басри (оны Алла рахымына алсын) былай деген:
"Сенің өмірің 3 бөліктен (күннен) тұрады:
1) Кешегі күнің жайында айтар болсақ, онда ол өтті де кетті. Қанша өкінсең де, қайтып оралмайды;
2) Ал ертеңгі күніңе, яғни болашағыңа келер болсақ, онда оған дейін өмір сүресің бе, жоқ па, белгісіз. Оған дейін кім бар, кім жоқ, оны тек Алла біледі.
3) Сенің нағыз өмірің – ол қазіргі сәт. Дәл қазір сен тірісің, сен барсың, сен өмір сүріп, тыныс алып тұрсың! Дәл қазір не істейтініңді де өзің шеше аласың. Ендеше, жақсы іс жасауға талпын. Ізгілікке ұмтыл! Өзгеруге асық!

@kuran_nasikhat
4.4K views06:04
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 09:13:54 СІЗДІ КӨРКЕМ МІНЕЗДІ БОЛУҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН 10 НАҚЫЛ
(өміріңізге керек кеңестер)

Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсеңіз, оған шипа сұрап дұға қылыңыз. Оған жабысқан кеселден сізді сау қылған Аллаға мақтау айтыңыз.
[ШҮКІРЛІК]

Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ]

Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегіні көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді.
[ТЕРЕҢ ТҮСІНІК]

Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сізді сөккен адамның көбі жауабыңызды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез танытыңыз. Өткізіп жіберіңіз. Құдық түпсіз екен деп ойласын. [ҰСТАМДЫЛЫҚ]

Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаңыз да, сізді түсінбейтін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңізді құр шаршатпаңыз. Дана ғұламаларымыздың бірі өзін сөккен кісіге былай деген екен: “Егер айтқаның рас болса, Алла мені кешірсін. Ал өтірікші болсаң, Алла сені кешірсін”.
[БАЙСАЛДЫЛЫҚ]

“Маған кейде бір адам бір мəселе жайлы айтады. Мен оны ол тумастан бұрын естіп қойсам да оған құлақ саламын. Тіпті, кейде бірінші рет естіп тұрғандай күй көрсетемін”

Өзіңіз онсыз да жақсы білетін нəрсе жайлы біреу əңгімелеп жатса, оның сөзін бөлмей, білетініңізді білдіріп жүрегін жараламай, көңіл бөліп, құлақ салуыңыз - мінез-құлықтың аса көркемдігіне жатады.
[КӨРКЕМДІК]

Адамдар сізге таңғалып жатса, оған масаттанып мақтанбаңыз. Себебі, олар сіздің Алла жарыққа шығарған жақсы жақтарыңызды ғана көріп жатыр. Керісінше, Алла жасырып қойған жаман жақтарыңыздан хабарсыз болғанына шүкір етіңіз.
[АЛЛА - КЕМШІЛІКТЕРДІ ЖАСЫРУШЫ]

Егер сөз шынымен жүректен шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке жетеді. Ал ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды.
[ШЫНАЙЫЛЫҚ]

Адамдар сіздің сыртыңызға қарайды, Жаратушы ішіңіз бен жан дүниеңізге қарап бағалайды. Пенделер үшін сыртыңызды ғана əдемілеумен əуре боп, ішкі əлеміңізді ұмыт қалдырып алмаңыз.
[ТАҚУАЛЫҚ]

Адамдардың біразы өміріңізді сізден бір нəрсе үйрену үшін бақылайтын болса, басқа бір бөлігі қателіктеріңізді теру үшін аңдиды. Екі топ та сізге таң. Бірі - махаббатпен, екіншісі - іштарлықпен.
[ЗЕРЕК БОЛЫҢЫЗ]

@kuran_nasikhat
4.5K views06:13
Ашу / Түсініктеме
2023-05-26 08:38:09
3.6K views05:38
Ашу / Түсініктеме
2023-05-25 18:41:13
КИІМДІ ДЕ БАЙҚАП КИЮ КЕРЕК!
3.9K views15:41
Ашу / Түсініктеме