Get Mystery Box with random crypto!

Арапа күнінің артықшылығы мен бұл күні атқару абзал салынған а | ҚҰРАН НАСИХАТ

Арапа күнінің артықшылығы мен бұл күні атқару абзал салынған амалдар туралы алты мәліметті бөліспекшіміз.

АРАПА - жылдың ең таңдаулы күндерінің бірі

Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) жеткізген хадисте: "Арафа (күнінің) артықшылығы он мың күннің орнына татиды».

әт-Тарғиб, 2/200; Ләтәифул-Мағариф, 460

АРАПА ОРАЗАСЫ екі жылдық күнәлардың өтеуі

"Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін..."

Имам Мүслім, Абу Дауд, 2425; Насаи, 2384

Ең абзал дұға – АРАПА күнінде

Абдулла ибн Амр (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте: «Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арапа күні айтқан ең жақсы дұға:

«Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген.

Тирмизи, 534/5, 3585

Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.

ТОЗАҚТАН адамдар босатылатын күн

Айша (радиаллаһу әнһә) Алла Елшісінің былай дегенін баяндаған: «Алла Өзінің көп құлдарын Тозақ отынан босататын Арапа күніндей басқа күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Олар нені қалайды?» деп мақтанады». (Муслим, 1348)

Шайтанның қорланатын күні

Алла Елшісі айтады: «Шайтан Арапа күнінен басқа күндерде мұншалықты қорланған, жәбірленген, әлсіз, өшпенді күйде көрінбейді.»

Муатта, қажылық 1/422; ибн Мәжә, 3013

КЕШІРІМ күні

Алла Елшісі айтады: "Бұл күні өзінің қос құлағы, көзі не тілімен де харамға қол салмаған адамның күнә-кемшіліктері кешіріледі».

Муснад Ахмад сенімді тізбекпен; Мәжма’уз Зәуәйд, 3/251

Әзірлеген: @oraza_kz

Жазба ұнады ма? Ендеше лүпіл басып, достарыңмен бөліскейсіз