Get Mystery Box with random crypto!

АЛЛА СЕНІ КЕШІРГЕНІН ҚАЛАЙСЫҢ БА? Біз Алланың алдында өте көп | ҚҰРАН НАСИХАТ

АЛЛА СЕНІ КЕШІРГЕНІН ҚАЛАЙСЫҢ БА?

Біз Алланың алдында өте көп қателестік. Оның әміріне бойұсынбай шалыс басқан сәттеріміз қаншама?!
Қателіксіз адам жоқ. Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ болмайды. Ал Алла Тағала сенің сол бүкіл шалыс басқан, ағат кеткен тұстарыңды кешіруін қалайсың ба?
Алла сенің қателіктеріңді кешіруін қаласаң, сен де Оның жаратқандарының қателіктерін кешір!

«Раббымыз! Бізді және бізден бұрын иманға келген бауырларымызды кешір! Әрі иманға келгендерге қарсы жүрегімізге жек көрушілік салма! Раббым! Ақиқатында, Сен – өте Мейірбан (Рауф), ерекше Мейірімдісің (Рахим)!»
(«Хашыр» сүресі, 10-аят)