Get Mystery Box with random crypto!

'СЕНІҢ КҮНІҢ - БҮГІНГІ КҮН!' * Хасан әл-Басри (оны Алла рахымы | ҚҰРАН НАСИХАТ

"СЕНІҢ КҮНІҢ - БҮГІНГІ КҮН!"
*
Хасан әл-Басри (оны Алла рахымына алсын) былай деген:
"Сенің өмірің 3 бөліктен (күннен) тұрады:
1) Кешегі күнің жайында айтар болсақ, онда ол өтті де кетті. Қанша өкінсең де, қайтып оралмайды;
2) Ал ертеңгі күніңе, яғни болашағыңа келер болсақ, онда оған дейін өмір сүресің бе, жоқ па, белгісіз. Оған дейін кім бар, кім жоқ, оны тек Алла біледі.
3) Сенің нағыз өмірің – ол қазіргі сәт. Дәл қазір сен тірісің, сен барсың, сен өмір сүріп, тыныс алып тұрсың! Дәл қазір не істейтініңді де өзің шеше аласың. Ендеше, жақсы іс жасауға талпын. Ізгілікке ұмтыл! Өзгеруге асық!

@kuran_nasikhat