Get Mystery Box with random crypto!

БҰЛ - ҚИЯМЕТТЕ ТАРАЗЫДАҒЫ ЕҢ АУЫР ТАРТАТЫН АМАЛ! Әбу Сағид әл- | ҚҰРАН НАСИХАТ

БҰЛ - ҚИЯМЕТТЕ ТАРАЗЫДАҒЫ ЕҢ АУЫР ТАРТАТЫН АМАЛ!
Әбу Сағид әл-Худриден жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ былай деген: "Мұса пайғамбар: Иә Раббым, мені, Сені мадақтап еске алатын нәрсеге үйрет және сол арқылы дұға етіп жалбырынатын болайын, - деген. Сонда Алла: Иә, Мұса, Алладан басқа құдай жоқ деп айт,— деді. Мұса: Иә Раббым, бүкіл құлдарың осыны айтады, - деді. Алла: «Иә, Мұса, егер де жеті аспан және оның тұрғындары (адамзат, жындар, періштелер) әрі жеті жер таразының бір табағында, ал " Лә иләһа иллә Аллаһ" (Алладан басқа Құдай жоқ) таразы табағының екіншісінде болса, онда "Лә иләһа иллә Аллаһ" оларды басып түседі"
(Ибн Хиббан, әл-Хәким)

@kuran_nasikhat