Get Mystery Box with random crypto!

Жүректе шүкірлік болмаса, адамға ештеңе жақпайды. Мына үйіне р | ҚҰРАН НАСИХАТ

Жүректе шүкірлік болмаса, адамға ештеңе жақпайды. Мына үйіне разы емес адам ертең өзі ойлағандай үйге қол жеткізгенде одан да жақсысын ойлап, мазасы қашады. Мына киіміне көңілі толмаған адамның бір күні жаңа киімінен де жалығып, шағым айтып отырғанын көресің.
Дәл қазіргі жұмысын қиынсынып жүрген адам біраз уақыт өткенде «бұрынғы жұмысым жақсы еді, тым болмағанда бұлай қиналмайтын едім» дейді.

Соған қарағанда...
Соған қарағанда, проблема үйде не киімде, жұмыста емес, проблема – сол адамның жүрегінде екен. Проблема көзінің тойымсыздығында, пейілінің тарлығында екен.
Сондықтан ойланайық.

@kuran_nasikhat