Get Mystery Box with random crypto!

НЕ ЕКСЕҢ, СОНЫ ОРАСЫҢ! Бүгін сенің қолың бос. Өзіңе де, өзгег | ҚҰРАН НАСИХАТ

НЕ ЕКСЕҢ, СОНЫ ОРАСЫҢ!

Бүгін сенің қолың бос. Өзіңе де, өзгеге де пайдалы болардай не жасадың? Алдағы демалыс күндеріне жоспарың қандай? Алдағы күндер демей-ақ қояйық, тіпті, сенің дәл қазіргі бір сағаттың ішінде-ақ бір-екі пайдалы істі атқарып тастауға шамаң бар. Ол үшін, ең алдымен, көптен бері хабарласпаған ата-анаңа телефон шал. Егер қасыңда болса, оларды бір жерге алып бар, көңілін көтер. Ешқайда апара алмасаң, қасына барып, істеп жатқан жұмыстарына қол ұшыңды бер, көмегіңді тигіз. Қасыңда тұрған бір-екі адамға жымиып қара, оларға жақсы сөз (комплимент) айт, арқасынан қақ. Итіңе сүйек таста, мысығыңа сүт бер. Көршіңнің шөбін түсіріс. Мешітке барып кел. Бір аят болса да, естіп қалуға тырыс. Әйтеуір, аз болса да бір-екі амал жасап қалудың қамына кіріс.

Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаға ең ұнамды амал –аз болса да үздіксіз орындалатыны», - деген (Бұхари).
Бостық, қаперсіздік – шебер ұры. Ол ештеңені сездірмейді. Ендеше, алтындай уақытыңның тағы да ештеңе істемей, құр босқа өтуіне жол берме!

@kuran_nasikhat