Get Mystery Box with random crypto!

ОТБАСЫНДА БАҚЫТТЫ БОЛУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ 4 ҚАҒИДАСЫ ' Бақыт деген | ҚҰРАН НАСИХАТ

ОТБАСЫНДА БАҚЫТТЫ БОЛУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ 4 ҚАҒИДАСЫ

" Бақыт деген ерлі-зайыптыларға біреудің «мә» деп бере салатын заты емес. Бақытты әр адам өз еңбегімен, өз талпынысымен жасап алады.
Сондықтан «жылы сөзге жан семіреді» дегендей, жарыңызға өз сезіміңізді айтып, білдіріп тұрыңыз.
Себебі, ол бөтен адам емес, қосағыңыз. Одан тәтті сөздеріңізді аямаңыз.

Ренжіскен, өкпелі күйде ұйқыға кетпеңіз. Реніш туа қалса, оны іште бүкпей, өзара ақылдасып шешу керек. Себебі, реніш шер мен кекке, ал кек ауруға әкелуі әбден мүмкін.

Төзім мен өзара түсіністікті арттыру керек. Кешірімді болуға, болған істі тез ұмытып кетуге талпыныс жасау, жайдары болуға ұмтылу – бақытқа жетелейтін бірден-бір қадам.

Күндеріңізді бірқалыпты етіп өткізбей, әртүрлі етіп өзгертіп тұруға ұмтылыңыз. Отбасы мүшелерінің барлығына ұнайтын, сүйікті шараларды жасап, үйге көңілді атмосфера орнатуға болады. Әркімнің еңбегін, отбасындағы орнын бағалау, сыйлау да - бақыттың кілті.