Get Mystery Box with random crypto!

ҚИМАЙМЫН... * Жанымды баурап едің бал әнім боп, Жаутаңдап қаба | ҚҰРАН НАСИХАТ

ҚИМАЙМЫН...
*
Жанымды баурап едің бал әнім боп,
Жаутаңдап қабағыңа қарадым көп.
Айым-ау, мен ешқашан ойламаппын,
Мұншалық бауыр басып қаламын деп.
*
Жайраңдап ертең тағы күн шығады,
Шашсам деп шуағымды құлшынады.
Сол күнмен сен кетесің, мен қаламын,
Ащы өксік тереңінде тұншығады.
*
Деп жүрсем бақытымның кепілісің,
Сен бірақ келіпсің ғой кету үшін.
"Барыңда бағалай да алмаппын" деп,
Өзекті өртеп жатыр өкінішім.
*
Қасымда ​ неге асықтың бола тұрмай?
Балауса жыр арнар ем бала ақындай!
Жабығып жаным менің жылап жатыр,
Көре алмай енді қайтып қалатындай...
***
Рамазан, сені сүйіп, ұнатқалы,
Кеудемде күнде ататын Жұмақ таңы.
Жаратқан Айт мейрамын беріпті ғой,
Ортайған ​ көңілдерді жұбатқалы!
Serik Kaliev