Get Mystery Box with random crypto!

Біз кейде қалағанымыз орындалмай қалса, «менің тілегім қабыл б | ҚҰРАН НАСИХАТ

Біз кейде қалағанымыз орындалмай қалса, «менің тілегім қабыл болмай жатыр» деп асығамыз. Құдайға тіл тигіземіз. Кейде шаршап, қолды бір-ақ сілтейміз. Тілек тілеуді, дұға жасауды ысырып қоямыз. Бірақ сол дұғаға Құдай емес, өзіміздің мұқтаж екеніміз есімізден шығып кететін сияқты...

МЫНАҒАН ҚАРАҢЫЗШЫ!

Ғұлама Фудайл ибн Ъияд былай дейді:
"Бір күні мен мешітке жаяу бара жатыр едім, жолдағы үйлердің бірінен анасының ұлына айқайлап, оны жазалап жатқанын байқадым. Арада көп уақыт өткен жоқ, есік айқара ашылды да, үйден әлгі бала жүгіріп шығып, қашып кетті. Анасы да ашуланып, есігін ішінен жауып алды. Дəл сол күні кешкісін үйге қайтқанда əлгі үйдің жанынан өттім. Әдейі жақындап көріп ем, бетін жас жуған әлгі бала табалдырыққа отырып ұйықтап кетіпті. Тасаланып артын күтпекке бекіндім. Анасы қайта-қайта терезеге қарап, қиналып жүрді де, ақыры есікті ашып, баласын құшақтап үйіне кіргізіп алды"
Фудайл ибн Ъияд осыны айтқаннан кейін ұзақ жылады. Сөйтті де: "Алла пəк! Егер құл Алланың мейірім қақпасының алдында дəл осылай сабыр сақтап, дұға есігінің алдынан кетпей тұрып алса, Алла оған міндетті түрде сол есікті ашар еді ғой" - деді...