Get Mystery Box with random crypto!

ОРАЗА МЕН ҚҰРАН ШАПАҒАТШЫ БОЛАДЫ! ⠀ Алла Елшісі (оған Алланың | ҚҰРАН НАСИХАТ

ОРАЗА МЕН ҚҰРАН ШАПАҒАТШЫ БОЛАДЫ!

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Ораза мен Құран Алланың құлына Қиямет күні шапағатшы болады. Ораза: «Уа, Раббым! Мен оны күндіз тағам мен сусыннан құр қалдырдым, ендеше, оған шапағат етуіме рұқсат бере гөр!» - десе, Құран: «Уа, Раббым! Мен оны түнде ұйқысынан айырдым, ендеше оған шапағат етуіме рұқсат бере гөр!» - дейді. Сөйтіп, олардың шапағаттары қанағаттандырылады», яғни олар ораза ұстаған адам мен Құран оқушы жанға шапағат етеді!
(“Сахих әт-тарғиб” 973)

@kuran_nasikhat