Get Mystery Box with random crypto!

ЕГЕР БОСАЙ ҚАЛСАҢ... Адам баласының жаратылысы сондай, ол қ | ҚҰРАН НАСИХАТ

ЕГЕР БОСАЙ ҚАЛСАҢ...

Адам баласының жаратылысы сондай, ол қолы босай қалса болды, шектен шығуға бейім. Сондықтан бос уақыты көп болған сайын адам әлсіздік танытып, орынсыз іс пен сөзге ұрынып қалып жатады:
Өсек айтып қояды;
Ғайбат айтып жібереді;
Ерігіп жатып біреуге зиян тигізеді, т.б

Ал Алла Құранда мұның алдын алу үшін: "Ал енді босай қалсаң, тырыс, әрекет ет және Раббыңа қарай ұмтыл" ("Шарх" сүресі, 7,8-аяттар), - деп пендеге дұрыс жолды нұсқайды.
Бұл аят нені білдіреді? "Шарх" сүресін түсіндірген тәпсірші ғалымдар дәл осы аятты "Босай қалсаң, басыңды өзге нәрселерден арылтып, ниет, ықыласыңды аса Ұлы Аллаға бұр да, ынта-жігеріңмен ғибадат ет (Құран оқы, намазды орында, дұға жаса, ілім үйрен, т.б)", - деп түсіндірген.
(Ибн Касир)
Ендеше, Құрандағы осы аят босай қалған кезде біздің де қаперімізде болса екен!

@kuran_nasikhat