Get Mystery Box with random crypto!

Әр күніңді әсемде ⠀ Аят: «Олар Құранға терең ой жүгіртіп, он | ҚҰРАН НАСИХАТ

Әр күніңді әсемде

Аят: «Олар Құранға терең ой жүгіртіп, оны лайықты түрде түсінуге тырыспай ма? Егер ол Алладан басқа біреуден келгенде, онда олар міндетті түрде оның ішінен талай қайшылықтар табар еді» («Ниса» сүресі, 82-аят)

Хадис: «Құран оқыңдар. Себебі, ол Қиямет күні өзін көп оқушыларға шапағатшы болады» (Мүслим)

Дұға: «Уа, жүрегімізді тыныштандырушы Раббымыз! Өзіңнен басқа мұңымызды шағар кіміміз бар? Алдыңа келген мына күнәһар құлыңа рақымдылық қыл!»

Халық даналығы:
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»
⠀___________________
@kuran_nasikhat