Get Mystery Box with random crypto!

ҚҰРАН АДАМДЫ БАҚЫТТЫ ЕТЕДІ! Бақыт дегеніміз – жүрегің мен көң | ҚҰРАН НАСИХАТ

ҚҰРАН АДАМДЫ БАҚЫТТЫ ЕТЕДІ!

Бақыт дегеніміз – жүрегің мен көңіліңнің тыныштыққа бөленуі. Жүрек түзелсе, өмір түзеледі. Ал Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, денеде бір кесек ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса қалған дүние түгелімен бұзылады. Біліп қойыңдар, ол – жүрек», - деген. (Муслим)

Ал жүрек қашан тыныштық табады?
Бұл сұрақтың жауабы да айқын:
«Солар – иманға келгендер және Алланың еске салуымен (Құранмен) жүректері тыныштық тауып, орныққандар. Біліңдер! Жүректер Алланың Еске салуымен (Құранмен) тыныштық тауып, орнығады» («Раъд» сүресі, 28-аят)

Тәпсір саласының бірқатар ғалымдары аяттағы «Еске алуды» Құран деп түсіндіреді. Құран аяттары және ондағы хикметті өсиеттермен танысқан жүрек онымен тыным тауып, орнығады. Өйткені, ол аяттар бұлжымас ақиқатты, көз жеткізер айғақ, дәлелдермен куәландырады. Мұның бәрі адам жүрегіне тыныштық әрі айқын сенімділік сыйлайды. Бұл ілімді кемшілігі болмаған әрі кемел сипаттарға ие Құраннан ғана табуға болады.
_______________
@kuran_nasikhat