Get Mystery Box with random crypto!

ЕРЛАН АҚАТАЕВ KURAN_MUGZHIZA

Telegram арнасының логотипі kuran_mugzhiza — ЕРЛАН АҚАТАЕВ KURAN_MUGZHIZA Е
Telegram арнасының логотипі kuran_mugzhiza — ЕРЛАН АҚАТАЕВ KURAN_MUGZHIZA
Арна мекенжайы: @kuran_mugzhiza
Санаттар: Дін
Тіл: қазақ
Жазылушылар: 10.73K
Арнадан сипаттама

ҰЗТАЗ ЕРЛАН АҚАТАЕВ....
✅Құран тәпсірі: @kuran_mugzhiza_tapsir
✅Сира дәріс: @erlan_akataev_sira

Ratings & Reviews

4.67

3 reviews

Reviews can be left only by registered users. All reviews are moderated by admins.

5 stars

2

4 stars

1

3 stars

0

2 stars

0

1 stars

0


Соңғы хабарлар 2

2023-06-26 13:15:16 Имам Науауи (рахимаһуллаһ) айтқан:

‎فهذا اليوم أفضل أيام السنة للدعاء، فينبغي أن يستفرغ الإنسان وسعه في الذكر والدعاء وقراءة القرآن ، وأن يدعو بأنواع الأدعية ويأتي بأنواع الأذكار ، ويدعو لنفسه ووالديه وأقاربه ومشايخه وأصحابه وأصدقائه وأحبابه وسائر من أحسن إليه وجميع المسـلمين. وليحذر كل الحذر من التقصير في ذلك كله، فإن هذا اليوم لا يمكن تداركه.

«Расында, бұл күн (Арафа күні) – дұға қылуға қатысты келген жыл күндерінің ішіндегі ең абзал күн. Сондықтан да, мұсылман адам бұл күнді барынша зікірмен, дұғамен, Құран оқумен, түрлі-түрлі дұғаларды жасаумен және түрлі-түрлі зікірлерді айтумен өткізуі тиіс. Әрі бұл күнде өзі үшін, ата-анасы мен туысқандары үшін, шейхтары (ғалымдары, ұстаздары) мен достары үшін және жақын жандары мен оған жақсылығы өткен барлық мұсылмандар үшін жақсы-жақсы дұға-тілектерді жасауы керек. Сондай-ақ, бұл күнде осы істерде кемшілік жіберуден сақтану қажет. Өйткені, егер бұл күн (ешбір пайдасыз) өтіп кететін болса, оны кері қайтару (оның орнын толтыру) мүмкін емес».
Әл-Әзкар (333).
2.4K views10:15
Ашу / Түсініктеме
2023-06-26 08:51:29
Ескерту
ТӘКБІР-ТӘШРИҚ - АРАПА КҮНІ ТАҢ НАМАЗЫНАН БАСТАП ҚҰРБАН АЙТТЫҢ ТӨРТІНШІ КҮНІ ЕКІНТІ НАМАЗЫНА ДЕЙІНГІ АРАЛЫҚТА ӘР ПАРЫЗ НАМАЗЫНЫҢ СОҢЫНДА СӘЛЕМ БЕРГЕННЕ КЕЙІН АЙТЫЛАДЫ

@KURAN_MUGZHIZA
2.3K viewsedited  05:51
Ашу / Түсініктеме
2023-06-26 07:22:44 ​​ Ақшам намазының кіруімен, Зулхиджа айының тоғызы – Арапа күніне жақындап келеміз. Осы орайда Арапа күнінің артықшылығы мен бұл күні атқару абзал салынған амалдар туралы алты мәліметті бөліспекшіміз.

АРАПА - жылдың ең таңдаулы күндерінің бірі

Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) жеткізген хадисте: "Арафа (күнінің) артықшылығы он мың күннің орнына татиды».

әт-Тарғиб, 2/200; Ләтәифул-Мағариф, 460

АРАПА ОРАЗАСЫ екі жылдық күнәлардың өтеуі

"Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін..."

Имам Мүслім, Абу Дауд, 2425; Насаи, 2384

Ең абзал дұға – АРАПА күнінде

Абдулла ибн Амр (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте: «Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арапа күні айтқан ең жақсы дұға:

«Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген.


Тирмизи, 534/5, 3585

Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.

ТОЗАҚТАН адамдар босатылатын күн

Айша (радиаллаһу әнһә) Алла Елшісінің былай дегенін баяндаған: «Алла Өзінің көп құлдарын Тозақ отынан босататын Арапа күніндей басқа күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Олар нені қалайды?» деп мақтанады». (Муслим, 1348)

Шайтанның қорланатын күні

Алла Елшісі айтады: «Шайтан Арапа күнінен басқа күндерде мұншалықты қорланған, жәбірленген, әлсіз, өшпенді күйде көрінбейді.»

Муатта, қажылық 1/422; ибн Мәжә, 3013

КЕШІРІМ күні

Алла Елшісі айтады: "Бұл күні өзінің қос құлағы, көзі не тілімен де харамға қол салмаған адамның күнә-кемшіліктері кешіріледі».

Муснад Ахмад сенімді тізбекпен; Мәжма’уз Зәуәйд, 3/251

Әзірлеген: @oraza_kz

Жазба ұнады ма? Ендеше лүпіл басып, достарыңмен бөліскейсіз
2.5K views04:22
Ашу / Түсініктеме
2023-06-24 14:39:33
Құрбан айт намазының кестесі
Қазақстан қалалары бойынша
Құрбан айт намазы 28.06.2023күн оқылады
2.8K viewsedited  11:39
Ашу / Түсініктеме
2023-06-23 09:09:23 Зүл - Хиджа айының соңғы 10 күні
Ұстаз Ерлан Ақатаев

@KURAN_MUGZHIZA_TAPSIR
@KURAN_MUGZHIZA_TAPSIR
@KURAN_MUGZHIZA_TAPSIR
3.3K views06:09
Ашу / Түсініктеме
2023-06-22 19:56:36 Құрбан шалудың сыры
Ұстаз Ерлан Ақатаев

@KURAN_MUGZHIZA
3.4K viewsedited  16:56
Ашу / Түсініктеме
2023-06-21 16:57:20
Құрбандық шалып сауабыңызды үш есе еселдіріңіз
ҚҰРБАН ШАЛЫП 25 үй соғуға үлес қосқан боласыз
Құрбандық шалуға уақытыңыз болмаса біз сіздің қызметіңізге дайынбыз
1) Сойылған малдың ақшасы Мұқтаж жанға соғылып жатқан 25үйге жұмсалады
2) Еті жетім жесірлерге үлестіріледі…

1 қой 65.000тг
Каспий 8776 166 22 99 Нұрлыбек М
Ватсапқа чек жіберіп аты жөніңізді жазып жіберіңіз
Сіздің атыңыздан құрбан шалып видео отчет жасайтын боламыз
ЖАУАПТЫ МҰҒЖИЗА ҚОРЫ
3.8K viewsedited  13:57
Ашу / Түсініктеме
2023-06-20 13:25:58 Ұстазымыздың Зул-Хижжа айының алғашқы 10 күндігіне арнайы жасауға кеңес берген сауапқа толы амалдар тізімі:

- 300 рет Субханалла, Алхамдулилла, Уә Ләә Илаһа Иллаллаһу Уаллаһу Акбар,

- 3 пара құран оқу,

- Таң намазының азанынан алдын 2 ракат Таһажжуд намазын оқу,

- Құптан намазынан соң 8 ракат қиамул-лайл (арнайы түнде оқылатын) намазын оқу,

- Таң және Құптан намазын жамағатпен бірге оқу,

- Ораза ұстау шамасы келетін кісілерге,

- Арафа күнінде ораза ұстау,

- Әр күні садақа бері аз мөлшерде болсада,

- Бауырларыңыздың қажетін өтеу,

- Ағайын-туыс пен қарым-қатынасты түзеу,

- Ата-ана мен күніге хабарласып, хәл-жағдайын сұрап, олардан дұға тілеп және ризашылықтарын алуға табандылық таныту,

- Талас-тартысты доғару және сізге жамандық жасаған кісілерді кешіре салу,

- Жүрегіңізден жеккөрушілік, көреалмаушылық және дұшпандық мінездерді шығарып тастау,

- Жүректі жомарттық пен кешіпейілдікке толтыру,

- Жамағат намазын тастамау,

- Діни мағлұматтарды жаттау және қайталап жүру,

- Мешітте өткізілетін сабақтарға қатысу,

- Көп дұға ету.

Ескерту

Жамағат намазы тек ер кісілерге қатысты айтылған, әйел кісілер намазды үйде оқиды .
3.5K views10:25
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 18:08:13 Зуль-Хиджа айының артықшылықтары...

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай деген:

‎﴿وَٱلۡفَجۡرِ * وَلَیَالٍ عَشۡرࣲ﴾.

﴾Таңмен жəне он түнмен ант етемін﴿.
Фажр сүресі, 1-2 аяттар.

Осы аяттың тəпсірінде имам Ибн Кəсир (рахимаһуллаһ) келесідей айтқан:

‎المراد بها عشر ذي الحجة كما قاله ابن عباس وابن الزبير ومجاهد وغيرهم.

«Ибн Аббас, Абдуллаһ Ибн Зубейр, Мужəһид жəне басқалары айтқандай; он түн дегеннен мақсат – Зуль-Хиджа айының он күні».
Тəфсир Ибн Кəсир (8/390).

‎مَا الْعَمَلُ فِي أَيَّامِ الْعَشْرِ أَفْضَلَ مِنَ الْعَمَلِ فِي هَذِهِ. قَالُوا: وَلَا الْجِهَادُ؟ قَالَ: وَلَا الْجِهَادُ، إِلَّا رَجُلٌ خَرَجَ يُخَاطِرُ بِنَفْسِهِ وَمَالِهِ فَلَمْ يَرْجِعْ بِشَيْءٍ.

Абдуллаһ Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (ﷺ) былай деді:
«Салихалы амалдардың ешбір түрі басқа күндерде Аллаһқа осы он күндерде (Зуль-Хиджаның алғашқы он күнінде) жасалған салихалы амалдардан қарағанда сүйіктірек емес»,- деді. Сонда сахабалар: «Аллаһ жолындағы күрес те (соғыс та) солай ма?»,- деп сұрады. Ол: «Иә, тіпті Аллаһ жолындағы күрес те осы күндерде (Зуль-Хиджаның он күнінде) жасалған салихалы амалдан абзал (артық) емес. Тек, Аллаһ жолында жаны мен малын тігіп, сол шайқастан өзі де, малы да кері қайтпаған адамның амалынан басқа».
Бұхари (969).
3.0K views15:08
Ашу / Түсініктеме
2023-06-19 14:44:30 Бүгін һижри жыл санауы бойынша 1444 жылдың зұлхижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 27 маусымға сәйкес келеді. 28 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні.

Зұлхижжа айының алғашқы он күнінде барынша ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысу керек. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған.

Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген.

Құрбан айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – міндет. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал» («Кәусар» сүресі, 2-аят) деп бұйырған.

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей. Ізгі ниетпен шалатын құрбандығымыз, қажылық сапарында жүрген жерлестеріміздің қажылығы қабыл болғай. Әмин!

#құрбанайт
#qurban2023
3.1K views11:44
Ашу / Түсініктеме